"Семей орманы" резерваты флора мен фаунаға бай. Жануарлар өрттен қашып, Жерминка, Бородулиха, Боровлянка деген ауылдарға қарай бет алған. Сондықтан осы аталған елдімекен тұрғындарына үндеу тастағым келеді: Егер есік алдына жабайы аң келсе, ол көмек сұрап тұр деп есептеңіздер. Оны қораға қамамай, атпай, оған су беріп, жайына қоя берсеңіздер деймін. Өрт сөнген соң жануарлар өз мекенін табады. Бұлан, еліктер, маралдар ғой, оған қазақтың бір байлығы, қасиеті деп қараңыздар. Өз мекенінен ауып келгеніне адамгершілікпен, түсіністікпен қарасаңыздар деп сұраймын", - дейді "Охотзоопром" ММ Жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының топ жетекшісі Шыңғыс Тынышбаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында.
Айта кетсек, бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысындағы өртке байланысты ормандағы жануарлар әлемінің қазіргі жағдайына қатысты түсініктеме берген болатын. Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта Абай облысында орман өрті салдарынан жабайы аңдардың қырылуына қатысты нақты мәліметтер жоқ. Облыстың биоалуантүрлілігіне келтірілген залалды толық бағалау тек өрт жойылғаннан кейін ғана жүргізілетіні де айтылды.