Ақмола облысындағы қорық аумағында алапат өрт болып жатыр

Сурет: Zakon.kz
15 маусымда Қорғалжын ауданы Шалқар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы "Қорғалжын қорығы" МҰТП аумағында, Сарыкөл ауданындағы аралда қамыс отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта ТЖД күштерімен 8 адам, 2 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралдары, сондай-ақ Қорғалжын қорығының 27 қызметкері мен 11 бірлік техникасы қызыл жалынмен күресуде.

"Өртті сөндіру жердің батпақты болуына, қатты желге, қамыстың тығыздығына және өрт ошағына кірме жолдардың қолжетімсіздігіне байланысты күрделене түсуде. Сондай-ақ, Целиноград ауданынан қосымша күштер мен техника келеді деп күтіледі", - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы Нұрлан Күлбаев.

Қазіргі уақытта қызыл жалын 125 гектар аумаққа тараған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек