Шахтинскіде суға батып, есін жоғалтқан 2 жасар қыз полицейлердің арқасында аман қалды

15 маусымда сағат 20:00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне жедел жәрдем қабылдау бөлімінен қаладан 10 шақырым жерде орналасқан демалыс орнында жас бала суға кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахтинск полицейлері суға батқан 2 жасар қызды аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды. 

1,9 жасар Аглая есімді қыз жағадан ес-түссіз күйінде табылды. 

"Баланың бетін тізесіне, қолын кеудесінің астына қойдым. Ал анықтаушы Ислам Ақанов жоғарыдан массаж жасай бастады. Бес секундтан кейін Аглаяның аузынан су шықты. Ол жылай бастады, бірақ көзін ашпады. Байқасам, қыз бір нәрсеге тұншығып жатыр. Оның көмейінен бір түйір сағызды суырып алдым, – дейді криминалист Мейірхан Шәріпов.

Полиция қызметкерлері баланың қандай да бір себептермен көзін ашпағанына алаңдап, дәрігерлермен бірге Шахтинск қалалық ауруханасына жол тартты. Аглая Шахтинскіден Қарағандыдағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Мұнда қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.


"Қазіргі уақытта ол ақырын есін жиып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Сәби ата-анасымен және үлкен балалармен бірге жағажайда болғаны белгілі болды. Балалар шомылып, су қоймасының жағасында болған, ал анасы мен әкесі тысқары жайғасқан. Аглая шомылушылар секіретін жаққа қарай кеткеніне ешкім назар аудармаған. Кішкентай қыз суға құлаған кезде дабыл қағылды. Әкесі қызын жағаға алып шығып, бірден жасанды тыныс беруді бастаған. Бірақ барлық әрекеттер нәтижесіз болаған". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: