Астана маңындағы өртті 140 адам сөндіріп жатыр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
19 маусымда Астана маңында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын-ала болжам бойынша 15 гектар аумақтағы өртті сөндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Ведомство өкілдері өртті сөндіруге екпінді жел және жердің батпақтығы, кірме жолдардың жоқтығы кедергі келтіріп жатқанын айтты.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 21 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және "Астана орманның" 10 бірлігі жұмылдырылды",  – делінген хабарламада.

19 маусымда Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатқаны хабарланды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік