ҚР ҚМА "Қазақстан Барысы" турниріне бөлінген бюджет қаражатына байланысты тексеру жүргізіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирін өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатына байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің 2023 жылғы 21 маусымда таратқан мәліметі бойынша, қазір басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

"Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

16 маусым күні "Балқаш Жылу" ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, "Балқаш Жылу" ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі