Қазақстанда аттестатын қоқыс жәшігіне тастаған түлектер іздестіріліп жатыр

Сурет: видеодан скриншот
20-22 маусымда Қазақстанда 9 және 11-сынып түлектеріне сертификат тапсырылды. Дегенмен мұндай сәтке бәрі қуанбаған сияқты. Себебі Қазнетте мектеп түлектері аттестатын қоқыс жәшігіне лақтырып жатқан видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар түлектердің бұл әрекетін әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр. Кейбіреулер мұндай мінез-құлықты ақтауға тырысады, ал басқалары оларды айыптап әлек.

Видеоны жариялаған адам оқиға қай жерде болғанын нақты көрсетпеді.


Оқу-ағарту министрлігі видеоға реакция білдіріп, бүгiнде осы видеоға қатысқан түлектер анықталып жатқанын айтты.

"Білім бөлімдеріне мұндай фактілердің алдын алу үшін оқушылар мен мектеп түлектеріне, ата-аналар қауымына түсіндіру жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді".Оқу-ағарту министрлігі баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды