Атырауда базар маңында алапат өрт болды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 22 маусымда сағат 13:04-те Атырау қаласы Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен от шыққаны туралы шұғыл қызметке шақырту келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы әмбебап дүкеннің шатыр жабындысы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метр жабындыны шарпыған. Өрт сағат 14:27 ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды. 

"Өртті сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, "Семсер – Өрт сөндіруші" ЖШС, "СКЭБР", "Атма Аэропорт" АҚ, "Апаттар медицина орталығынан" барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін