Африкалық мигранттар Қонаевтағы оқу орнын жөндеуге заңсыз жұмылдырылған

Сурет: Zakon.kz
Конаевтағы оқу орнын жөндеуге Нигерия мен Камерун азаматтары жұмылдырылған. Сонымен қатар шетелдіктердің виза мерзімі аяқталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдары қазір шетелдіктерді жауапқа тарту үшін жұмыс берушілерді анықтап жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

"21 маусымда «Мигрант ОПМ» кезінде Қонаевтың оқу орындарының бірінің ғимаратын жөндеу үшін заңсыз еңбек еткен Нигерияның тоғыз азаматы мен Камерунның екі азаматы анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция африкалықтардың Қазақстанда заңсыз жүргенін анықтады. Олардың елде болу құқығы үшін берілген визасының мерзімі өтіп кеткен. Енді заңсыз мигранттарға жұмыс бергендер жауапқа тартылады.

2023 жылдың қаңтарында иммигранттардың Қазақстанға келу және тұру ережесі өзгерді.

Қазақстан
Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады