24 маусымға қараған түні "102" пультіне Атырау қаласы Авангард-2 ықшам ауданының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Ол подъезге кіре алмай тұрғанын, өйткені оған сол маңдағы мас жергілікті тұрғын итін айтақтағынын айтты. Ал айтақталушы Страффорд тұқымды төбелеске қатыстырылатын ит болып шықты, деп жазады "Мой город" басылымы Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ит өздеріне қоңырау шалған әйелмен бірге подъезге кірмек болған 31 жастағы ер адамды тістеп алған. Сондай-ақ тәртіп сақшысының бірі жарақат алған.
"Кейін ит иесі оқиға орнынан қашу үшін оны полиция қызметкерлеріне айтақтады. Тәртіп сақшыларына көмекке келіп жеткен автопатруль жасағымен бірге "Құқық қорғау органдары туралы" ҚР Заңының 61-бабының 6-бөлігіне сәйкес арнайы құралдарды қолдана отырып, ит залалсыздандырылды". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Сонымен қатар, үй жануарларын қорғаушылар желіде қарғыбауынан ер адам ұстап тұрған Стаффорд тұқымды иттің басынан полиция қызметкері таяқпен ұрғанын сипаттайтын видеоны таратуда. Волонтерлар құқық қорғау органдарынан жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрайды.