"Өзенмұнайгаз" бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сурет: Алматы әкімдігі
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен "Өзенмұнайгаз" АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев (қазір "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары) ұсталды.

"Ол "КЕЗБИ" ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктеліп отыр. Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті", - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды деп айыпталып отыр. Сонымен қатар мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды. 

ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды