"Алматы жастары" бағдарламасының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Сурет: pexels
Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Алматы жастары" жеңілдетілген несиелеудің қалалық бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды. Бағдарламаға өтініштер 15 мамыр мен 31 мамыр аралығында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 30 маусымда хабарлағандай, бағдарлама аясында барлығы 11 104 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі білім беру (4006) және денсаулық сақтау (2781), одан кейін жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары (1324), құқық қорғау органдары (788), әлеуметтік қызмет (786), коммуналдық қызмет (545), мәдениет саласының қызметкерлері (534), спорт (186) және БАҚ (154).

Осы өтініштердің 3631-і мақұлданды.Олар салалар бойынша былай бөлінді:

"1100 үміткердің салалар бойынша жинаған ұпайларына байланысты "Отбасы Банкі" АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін сайттағы жеке кабинетке жолдама беріледі. Жолдама алған үміткерлер 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы Банкі" АҚ кез келген қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықта баспана таңдай алады", - деп түсіндірді Алматы әкімдігі.

Бағдарламаның 2 531 қатысушысы негізгі тізімдегі қатысушылар төлем қабілеттілігін дәлелдегенше резервтік тізімде қалады.

Бағдарлама бойынша 7473 адам іріктеуден өтпеді. Өтпеуінің негізгі себептері:

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтініштер мен құжаттарды қарау нәтижесі толығырақ жақында almaty-zhastary.kz сайтында жарияланады.

Былтыр «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша түскен 11 мың өтініштің 1676-сы ғана мақұлданған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі