Батыс Қазақстан облысында ашық аумақта шөп өртенді

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
30 маусымда Круглоозерное кентінің маңында Вишневая балка бау-бақша серіктестігінің ашық аумағында 10 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт кешқұрым толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жедел штаб құрылып, өрт Сарытау шағын ауданы және Вишневая балка серіктестігі аумағы жағынан сөндірілген.

"Сағат 18:30-да өрт оқшауланып, сағат 18.49-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы барды".Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 83 адам мен 12 бірлік техника, орман шаруашылығынан 5 адам және 1 бірлік техника, ерікті өртке қарсы қызметтен 12 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.


Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт шықты. Сегізінші тәулікте (30 маусым сағат 11:00 жағдай бойынша) өрт сөндірушілер мен ЖАО-ның бірлескен күшімен өрт аумағын 30 гектарға дейін қысқарту мүмкін болды.


Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады