Асы жайлауында өткен шарадан кейін Алматы облысы әкімдігінің қызметкері қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының тұрғыны Асы жайлауында өткен мерекелік шарадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті, деп мәлімдеді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара аяқталғаннан кейін форумға қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есіне келместен қайтыс болған.

Алматы облысының әкімдігі марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істегенін хабарлады. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.

Әкімдік осы жайт қызметкердің халінің нашарлауына себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

"Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысына қарасты Кеген ауылында 27 маусым күні тоғыз жасар баланы жылан шаққан. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған