Энергетика министрлігі апатқа қатысты: Қолда бар қор еліміздегі қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті

Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясы қысымының күрт төмендеуіне байланысты Атырау МӨЗ-дің Технологиялық және қосалқы нысандары апатты жағдайда жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апаттық жағдайларды жою және оқшаулау жоспарларының талаптарына сәйкес нысандар өз жұмысын тоқтатып, технологиялық газ алау қондырғыларына жіберілген. 

"Электр энергиясы қысымының күрт төмендеуінің себептері анықталып жатыр, қосымша ақпарат кейін ұсынылады. Бұл ретте Шымкент МӨЗ жұмыс істеп жатқанын еске саламыз. Алайда мұнда белгілі бір себептерге байланысты АИ-95 маркалы жанар-жағармай шектеулі көлемде өндірілуде. Жанар-жағармай қоры Шымкент, сондай-ақ Павлодар МӨЗ-дегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанша еліміздегі қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады". ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі


Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ-ның (мұнай базаларындағы, жолдағы және резервуарлардағы) жиынтық қорлары:


 "Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан дақпырт тудырмауды сұраймыз", делінген ведомство хабарламасында.

 

Айта кетсек, бүгін кешке Атырау қаласының тең жартысы жарықсыз қалған болатын. Апатты жағдайға байланысты АМӨЗ басшылығы да өз нысанының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады