Атырауда электр қуаты толығымен қалпына келді

Сурет: primeminister.kz
Маңғыстау облысында электр қуатын беру іс жүзінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, сағат 20:00-де Маңғыстау облысында тұрмыстық тұтынушыларға қойылған шектеулер алынып тасталды. Атырауда барлығы 112 мың тұтынушы бар.

22 сағат 05 минутта Атырау ЖЭО 110 кВ «Атырау» қосалқы стансасы – Атырау ЖЭО Л-104 әуе желісі арқылы ЕЭС-пен синхрондалды.

Қазір Атырауда электр жарығы толығымен қалпына келтірілді. Атырау мұнай өңдеу зауытында кернеу берілді. Зауыт қызып жатыр. КТК-да да электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, жүктеме артып жатыр.

3 шілде күні кешке Атырауда төтенше жағдай туралы хабар келді. Жарық пен су өшті. Кейіннен белгілі болғандай, сыртқы желілерден терең электр қуатының үзілуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылары апатты жағдайда тоқтап, шамамен сағат 18:47-де зауыттың электр қуатын беру толығымен өшірілген. Бұған МАЭК-тегі апат себеп болды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты