ҚР ҚМА спорт саласындағы жымқырылған қаржы сомасы 269 млн теңгеден асатын 21 істі тергеп жатыр

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігі 2023 жылдың 6 айында ғана жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 істі тергей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің 3 шілде күні мәлімдеуінше, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Ведомствода спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізім жасалған.

"Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 6 айында ғана жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр", – делінген ҚМА хабарламасында.

2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген. Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізбек.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

23 маусымда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі Алматы облысындағы екі мектептің құрылысы кезінде аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты