Сарыағашта әкесінің көлігін мініп келе жатып жол ережесін бұзған жасөспірім сотталады

Сурет: Zakon.kz
16 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін тізгіндеп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады. Көлікті балаға бергені үшін ата-ана жауапты болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының полицейлері Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі тәулігіне бірнеше рет заңбұзушылық жасағанын тіркеді. Полицейлер бұл уақытта көлікті кәмелетке толмаған баланың басқарғанын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды КТК.

Әкесінің көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірімнің көлікті басқаруға рұқсат беретін құжаттары жоқ. "Қызылдан" өтіп кеткен. Жасөспірімге қатысты екі бап бойынша хаттамалар толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы "Бағдаршамның тыйым салатын сигналы бойынша немесе жол диспетчерінің тыйым салатын қимылы бойынша көлікті басқару" және ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы бойынша "Көлік құралын құжатсыз және басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы".

Баланың әкесі де жауапқа тартылады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен "Көлік құралын басқару құқығын көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға немесе көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға беру" деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін Өскеменде полиция қызметкерлері әкесінің көлігін ұрлап, қала көшелерін аралап жүрген баланы ұстаған еді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды