Павлодар іргесіндегі қызғылт көлдің қорқынышты видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды

Сурет: wikimedia
Әлеуметтік желіде Павлодар маңындағы қызғылт көлдің видеосы пайда болды. Кадрларда біреулер көлді құрғатып, сол жерден тұз сатып жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология министрлігі 13 шілдеде Жер қойнауын пайдалану департаментінің Коряковка көліне барғанын хабарлады.

"Тұзды заңсыз өндіру фактісі расталды, бейнематериалдағы сипаттама бойынша көрсетілген орын рас. Алайда өнеркәсіптік көлемдегі өндіріс жоқ. Болжам бойынша өндіруді жергілікті тұрғындар өз қажетін қанағаттандыру үшін арабайыр әдістерпен (ванналарда) жүргізеді", - делінген хабарламада.


Министрлік көлдің тайыздануына да қатысты пікір білдірді.

"Қыста қар жамылғысының аз болуына және жыл басынан бері еріген судың болмауына байланысты көлдегі су деңгейі төмендеді. Сонымен қатар өзен мен бұлақ түріндегі табиғи заряды жоқ. Биыл облыста судың аз айналымы, құрғақшылық және ауа-райының жоғары температурасы байқалады".Экология министрлігі

Ведомствода айтылғандай, заңсыз өндірудің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізеді.

2020 жылдың 21 қыркүйегінде жер қойнауын пайдалану департаменті Коряковка көлінен тұз өндіруге лицензияны "Мультисервис" ЖШС-не 10 жыл мерзімге бергені атап өтілді. Кен өндіру орны заңсыз өндіру орнынан 5 км қашықтықта (көлдің шығыс бөлігінде) орналасқан.

Бұған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі қызғылт Көбейтұз көлінің неліктен кеуіп кеткенін айтқан еді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды