Павлодар облысындағы өртті сөндіруге ат салысу үшін Семейден екі тікұшақ келіп жетті

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметі сағат 5.13-те Семей қаласынан Қорғаныс министрлігінің Ми-17, Ми-171 тікұшақтары қосымша көмекке келіп жеткенін жеткізді. Сағат 7.30-да Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі орманшылықтар аумағына әуеден шолу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" МТОР ММ аумағында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің ауданы шамамен 850 гектарды құрайды.

"Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 бірлік техника (ТЖМ 161 адам ж/қ, оның ішінде Павлодар облысының ТЖД 40 адам ж/қ; 24 бірлік техника, Астана қалалық ТЖД 67 адам ж/қ, 15 бірлік техника, Қарағанды қалалық ТЖД 33 адам ж/қ және 6 бірлік техника, ШҚО ТЖД 21 адам ж/қ және 5 бірлік техника; "Ертіс орманы" 32 бірлік техника, 130 адам, ПД 4 бірлік техника және 8 адам ж/қ, ЖАО 26 адам және 13 бірлік техника, "Қазақстан Алюминийі" 4 адам ж/қ және 2 бірлік техника) және 2 борт (МИ-8 және ТЖМ Еврокоптер) жұмылдырылды", делінген хабарламада.


Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында тіркелгені нақтыланады, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға ойыса жалындауда. Жұмылдырылған ресурстардың арқасында өртті қайта болдырмау мақсатында от шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Өңірде құрғақ шөптің өртенгені туралы 14 шілдеде белгілі болды.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрі, облыс әкімі және төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнына ұшып барды.

Өрттің Ресей Федерациясының территориясына өту қаупі бары да хабарланған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі