Бурабайда найзағай разрядынан орман өртенді

Сурет: видеодан скриншот
Бурабай өңіріндегі Қаратау тауында найзағайдың түсуінен орман өрті шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтанудың бастапқы кезеңінде Бурабай МӨСБ өртті ерте анықтау жүйесі өртті анықтады. Бұл өртті бірнеше сағатта оқшаулауға мүмкіндік берген.

"Өртті сөндіруге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Бурабай МҰТП жеке құрамының 136 адамы мен 14 техникасы жұмылды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиапас" АҚ тікұшақтары Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарын патрульдеуіне байланысты ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағын пайдалану туралы шешім қабылданды. Ол 6 рет су сеуіп шықты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді.

"Жалпы қауіпті кезең басталғаннан бері Ақмола облысында 42 рет орман өрті болды. Оның ішінде 32 өрт найзағай соғуынан болды", - деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Бұған дейін Шымкентте тұрмыстық техника дүкенінен ірі өрт шыққаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды