ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізді: есірткі зертханалары мен үлкен қойма жойылды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 12 және 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында өткізген іс-шаралары нәтижесінде екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"10 келіден аса "мефедрон" синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар анықталып, тәркіленді", – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың 4 азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын айтты.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК биылғы жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркілеген.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар заң талаптарына сай 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", – деп ескертті Ұлттық қауіпсіздің қызметі.

Алматы полиция департаменті 11 шілдеде есірткіні өндіріп, таратқан деген күдікпен үш жас жігіт ұсталғанын хабарлады.


Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда