Кинотеатрдағы қолданылған шприцтер жұртты шошытты

Сурет: Instagram/kris__p__almaty
Алматыдағы кинотеатрлардың біріне көрермендер залдағы еденнен қолданылған шприцтерді тауып алған. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 шілдеде Instagram желісінде Kris P Almaty парақшасында Алматыдағы ең ірі кинотеатрлардың біріне келген адам пайдаланылған шприцтердің дәлізде және орындықтардың астында шашылып жатқанын көрсететін видео жарияланды.

"Мархабат, қараңыз, кинотеатрдағы бірінші қатар. Мұнда не болғаны түсініксіз. Мұнда шприц жатыр... Сұмдық", – дейді әйел.

Жазбада видео Розыбакиев көшесіндегі "Mega Alma-Ata" сауда орталығындағы кинотеатрда түсірілгені нақтыланған.

Әлеуметтік желі қолданушылары шприцті нашақорлар немесе ВИЧ індетін жұқтырған науқастар қолдануы мүмкін деп пікір білдірген:

Zakon.kz редакциясы кинотеатр әкімшілігіне хабарласып, оқиғаға қатысты түсініктеме беруін сұрады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер