Шығыс Қазақстан облысындағы апат салдарынан ауылдың 10 мың тұрғыны жарықсыз қалды

Сурет: unsplash
Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылында қатты жел салдарынан электр жарығы әдейі өшірілді. 10 мың тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 шілдеде дауыл Белоусовка ауылында ағаштарды құлатты. Қысымнан 20 шақты ағаш діңі опырылып құлаған. Жел Белоусовкадағы үйлердің бірінің шатырын да зақымдады. Бірнеше көлік бүлінген.

Жел коммуникацияларды да зақымдады. Ауылдағы электр жарығына қатысты жағдайды ушықтырмау үшін билік өкілдері ауыл тұрғындарының үйлеріне жарық беруді тоқтатуды ұйғарды. Бұл туралы AstanaTV аудан әкіміне сілтеме жасап хабарлайды.

"Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. ӨЭК-тің төрт бригадасы, сонымен қатар мердігер ұйымдар - Горсвет және Горстрой қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық зақымдалған сым жойылды. Қазір ауылдың тыныс-тіршілігі біртіндеп қалпына келіп жатыр".Глубоковский ауданының әкімі Эльдар Тумашинов

Дәл осы күні Алматыда ауа райы қолайсыз болды. Түстен кейін мегаполисте қатты жел тұрып, жаңбыр жауа бастады. Дауыл қаладағы ағаштарды құлатты. Сонымен қатар Алматы облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан күшті сел жүріп, облыстағы бірнеше ауылды су басқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды