Биыл Ақтөбе облысында 100-ге жуық велосипед ұрлығы тіркелді

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында биылдың өзінде 100-ге жуық велосипед ұрлығы тіркелді. Велосипедтер қайта сату мақсатында немесе бұзақылық ниетпен ұрланады.

Мысалы, қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі спорттық велосипед ұрланғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар баспалдақ алаңында қалдырған, құны 85 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап әкеткен.

Учаскелік полиция инспекторлары қылмыс орнына бірден келіп, қылмыскерлерді жедел іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады.

Ол 18 жастағы ақтөбелік болып шықты. Күдікті жасаған қылмысын толық мойындады. Тәртіп сақшылары ұрланған велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді