Алматы облысында сауда орталығының бірінде шетел азаматы кішкентай қызды теуіп құлатты

Сурет: видеодан скриншот
Қарасай ауданындағы Aport Mall сауда үйінде жүрген түрік азаматы жол бермеген төрт жасар қызды теуіп жіберген. Әлеуметтік желіде сол сәттің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбадан ер адам кішкентай қызды теуіп құлатқанын анық көруге болады.

Қыздың анасы қызын тепкен ер адамның үстінен полицияға арыз жазды.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 1998 жылы туған Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға әкелді. Жауап алу кезінде күдікті болған жайды айтып, өз кінәсін толық мойындады", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық һтергеу әрекеттері сараптамалар тағайындау арқылы жүргізіледі.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін