Автогаз бекетіндегі өрт сөндірілді

Сурет: Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша Екібастұздағы автогаз бекетіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 шілде сағат 13:24 Екібастұдағы Қонаев 5 к мекенжайындағы АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сонымен қатар оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.

Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. 

"Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Басқа ақпарат анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады