"Қаратұрын Южный" кен орнындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

Сурет: "Бузачи Нефть" ЖШС
"Қаратұрын Восточный" кен орнының №303 ұңғымасында апатты жою үдерісі әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 шілде күні Маңғыстау уақыты бойынша сағат 22:30-да "Қаратұрын Восточный" кен орнында №303 ұңғымадағы апаттың салдарын жою үшін тереңдігі 1200 м (тігінен) көлбеу бағытталған №305-Н ұңғымасын бұрғылау жұмыстары басталды. Қызметкерлер AIDECO-160 станогын қолданып жатыр. 25.07.23 жағдай бойынша бағыттаушы түбінен 68 метр деңгейде бұрғылау аяқталды. Бүгінгі күні (26.07.23) бұрғылау жалғасып жатыр.

Өрт 9 маусым күні басталған.

"Көлбеу ұңғыманы бұрғылау телеметриялық мониторингпен және ұңғыманың өткізгіштігін, газ білінуін және бұрғылаудың барлық технологиялық параметрлерін бақылайтын кенжар құралын пайдалану арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл бізге апатты жою бойынша іс-шараларды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс іс-шаралар жоспарына сәйкес жүріп жатыр", – деп атап өтті "Бузачи Нефть" ЖШС бас геологы Александр Касьяненко.

Екі көлбеу бағытталған бостатушы ұңғымаларды бұрғылау бойынша жеке техникалық жобаларды әзірлеу туралы шешімді мұнай-газ саласы мен бейінді министрліктер сарапшыларының пікірлерін ескере отырып, апатты жою жөніндегі Штаб қабылдады.

Компания өкілдері апат салдарын жою жөніндегі барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен, Маңғыстау облысының әкімдігімен және жергілікті басқару органдарымен келісілгенін атап өтті.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды