Астанада автобус жүргізушісі жолда есінен танып, ауруханада көз жұмды

Сурет: видеодан скриншот
Астанада 27 шілдеде автобус жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып ауырып қалды. Ол есін жоғалтқан. Салдарынан қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, есін жимай, көз жұмды.

Оқиға орнында түсірілген видео астаналық Instagram-пабликтің бірінде жарияланды.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, сағат 10:37-де автобус жүргізушісі Бөгенбай батыр даңғылы, Бейбітшілік, Әуезов көшелерінің бойымен келе жатып, 47-үйге қарама-қарсы жолда тізгінге ие бола алмай, жол белгісі мен жаяу жүргіншілерге арналған қоршауға соқтығысқан.

"Жылдамдық 40 км/сағ-тан аспады. Автобустағы жолаушылар зардап шеккен жоқ... Жүргізушіні жүрек жеткіліксіздігі деген күдікпен көзге көрінетін жарақаттарсыз жедел жәрдем алып кетті".Астана ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары анықтау жұмысын істеп жатыр.

"Оқиға болған кезде Бөгенбай батыр даңғылы – Бейбітшілік көшелерінің қиылысында жол қозғалысын реттеудің барлық қажет техникалық құралы орнатылды. Олар жақсы жағдайда болды. Бөгенбай батыр даңғылының бойында маршруттар үшін арнайы жолақ бар", - деп қосты елорданың ПД баспасөз қызметі.

"City Transportation Systems" ЖШС хабарлауынша, автобуспен болған жол апаты таңғы сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасында, "Әлем" сауда үйі бағытында болған.

"№7 автопаркке қарасты №2 автобус жүргізушісі (1961 ж.т.) маршрут бойынша келе жатып, есінен танған. Салдарынан қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, ол есін жимай қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі - жүректің тоқтауы... Оқиға салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады компания.

Автобус жүргізушісінің жолаушылар көлігіндегі тәжірибесі 15 жылдан астам екені айтылды. Ол екі күн бұрын демалыстан шыққан.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды