Алматыда Грузия азаматы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Полицияның мәліметінше, 41 жастағы Грузия азаматы Алматы қаласында фишинг алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің CyberPol бөлімшесі арнайы операция кезінде шетел азаматының қылмыстық әрекеті әшкереленгенін мәлімдеді.

Полицейлердің мәліметінше, ол екінші деңгейлі банктерден несие алуға өтініш білдірген азаматтардың ақшасын фишингтік жолмен алдап иемденіп келген. Бұл алаяқтық схемамен шетелдік бірнеше жыл қатарынан айналысып келгені мүмкін деген күдік бар. Қазір оның осыған ұқсас басқа фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодарлық полицейлер алаяқтықтың алдын алудың креативті әдістерін қолдана бастады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді