СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымызға қатысты тың мәлімет ұсынды

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шегіп, ауруханаға түскен отандастарымызға қатысты тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың алтауы ауруханадан шықты. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Тағы бес отандасымыз дәрігерлердің бақылауында қалып отыр, олар қажетті ем шараларын алуын жалғастыруда, жағдайлары - қанағаттанарлық деңгейде. Барлық ем-дом шығыны сақтандыру полистері арқылы төленеді". ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар қаза тапқан ҚР азаматының жақын туыстарына қажетті көмекті көрсетіп жатқаны да нақтыланады. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізілетіні де айтылады. 

2023 жылы 30 шілдеде Аланияда ішінде 12 Қазақстан азаматы болған шағын автобус жол апатына ұшырады. Оқиға орнында екі адам қаза тапты: көлік жүргізушісі және Украина азаматы (гид). Жол апаты орнына Қазақстан консулы барды.

Кейін ҚР СІМ апаттан зардап шеккен қазақстандықтардың бірінің көз жұмғанын хабарлады. Ол 49 жастағы Маңғыстау облысының адвокаттар алқасының адвокаты Кенже Мұңайтпасұлы болып шықты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін