Түркиядағы жол-көлік апаты: зардап шеккен қазақстандық туристтердің бірі ауруханада көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Түркияда жол-көлік апатына ұшыраған қазақстандық туристтердің бірі қайтыс болды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 31 шілдеде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аланияда болған апаттан зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада дүние салды.
Қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының ұлы бүгін Анталияға барды, ол қазір дипломаттардың жанында. Оған барлық қажетті көмек көрсетіледі.
2023 жылғы 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Таратылған хабарламаға сүйенсек, түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған.
Апат салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript