Түркиядағы жол апаты: қаза тапқан қазақстандық журналистің күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды
Сурет: primeminister.kz
Түркияда жол апатынан қаза тапқан атыраулық журналист Арайлым Бақытжанның күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қаралы хабарды 2023 жылғы 7 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жеткізді.
Ведомствоның мәліметінше, ер адам кеше, 6 қыркүйекте жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
"Ұлын туыстары алып кетті, ол қазір Қазақстанда. Қайтыс болған үш адамның денесі бүгін (7 қыркүйек) Қазақстанға жіберіледі". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 3 қыркүйек күні Аланияда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан қазақстандық әйел мен оның қызы қаза тапқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript