Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Түркиядағы қазақстандықтардың өлімі туралы: Жолаушылар көліктен ұшып кеткен

СІМ Түркиядағы қазақстандықтардың өлімі туралы: Жолаушылар көліктен ұшып кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 17:20 Сурет: unsplash
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Түркияда жол апатынан қаза тапқан қазақстандық әйел мен оның қызына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Нұсқалардың бірі жолаушылардың қауіпсіздік белдігі болмаған дейді, деп хабарлайды Zakon.kz

Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың туыстарымен байланысқа шыққанын, олар жақын арада Түркияға келуі керек екенін атап өтті.

"Біз барлық қажет консулдық көмекті көрсетеміз. Не болғаны тергеуден кейін белгілі болады. Оқиға кезінде кейбір жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған деген нұсқа бар. Көлік төбесі ашық сафари джипі болған. Апат кезінде жолаушылар көліктен ұшып кеткен".Айбек Смадияров

Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

"Олар Түркияға 31 тамызда барды, бүгін үйлеріне қайтуы керек еді. Кеше олар экскурсияға шығуды ұйғарған". Айбек Смадияров

2023 жылдың 3 қыркүйегінде Аланияда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық әйел мен оның қызы қайтыс болды. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, сафари көлігі тас жолда жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Кейін қайтыс болған әйелдің қоғам қайраткері, журналист Арайлым Бағытжан екені белгілі болды.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі отағасы 1986 жылы туған ер адам ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. 2014 жылы туған ұлы ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ.

Сонымен қатар 3 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландта 18 жастағы қазақстандықтың қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: