ШҚО-да орман шаруашылығы аумағы мен "Гусиный аралында" өрт болды

ШҚО-да құрғақ шөптің өртенуі бойынша екі факт тіркелді. Бірі - орман шаруашылығы аумағында, тағы бірі - "Үйрек аралында", деп хабарлайды Zakon.kz.

1 тамызда Ұлан ауданындағы "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында Белогорск орманшылығы  орман жамылғысы аймағында құрғақ шөп, бұта, қураған ағаш өртенді. Орманшылар мен өрт сөндірушілер кісі аяғы баса бермейтін шалғайға шұғыл аттанды. Олардың шөбі қатты өсіп кеткен соқпақтармен жүруіне тура келді. ШҚО ТЖД орманшылары мен қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өртті 2 тамызда сағат 19-30-да сөндіру мүмкін болды.

"Қызыл жалын 3,9 гектар аумақты жалмады. Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Сондай-ақ 2 тамызда Алтай ауданы, Октябрьский ауылындағы "Гусиный аралында" шөп пен қамыс өртенді. Оқиға орнына жету үшін ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері қайықты пайдаланды. Оқиға орнына келген 20-ӨСБ және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күресте бар күшін салды.

"6 гектарды қамтыған өрт сөндірілді. Өртпен күреске барлығы 6 адам және 1 қайық тартылды", делінген хабарламада.


Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


ШҚО ТЖД өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын еске салады:

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: