Түркияда болған жол апатынан тағы бір жерлесіміз көз жұмды – ҚР СІМ

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Түркияда жол-көлік апатына түскен тағы бір Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ түрік дәрігерлерінің ақпаратына сүйеніп, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында көз жұмғанын айтты.

"Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі".ҚР СІМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Таратылған хабарламаға сүйенсек, түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған.

Зардап шеккен қазақстандық туристтердің бірі 31 тамыз күні ауруханада көз жұмды. Оның денесі Қазақстанға жеткізілді.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін