КҚК Новороссийскідегі базаға шабуылдан кейін қазақстандық мұнайды жөнелтуге қатысты жағдайды баяндады

Сурет: Facebook/cpcpipe
Каспий құбыр консорциумы Новороссийскідегі әскери-теңіз базасына ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуыл қазақстандық мұнайды тасымалдауға кедергі жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамызда Ресей әскери-теңіз базасына жасалған шабуыл қазақстандық кәсіпорынның мүлкіне зиян келтірмеген және оның жұмысына әсер еткен жоқ.

"Мұнай қалыпты режімде танкерлерге жөнелтіліп жатыр. КҚК инфрақұрылымына зақым келген жоқ", – деді компания өкілдері.

Өазір Новороссийск портында кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынды.

"Күзет бөлімшелерінің күштері мен құралдары және мердігерлердің кезекші қайықтары экипажсыз жерүсті су кемелерін визуалды анықтауға және олар анықталған кезде дереу ақпарат беруге бағытталған ", – делінген КҚК сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында.

"Коммерсант" газетінің жазуынша, 4 тамызға қараған түні және таңертең Украина Қарулы күштерінің екі жер үсті дрроны Ресейдің Новороссийскідегі әскери-теңіз базасына шабуыл жасау кезінде жойылды. Новороссийск арқылы қазақстандық мұнай КҚК құбыры арқылы кейіннен экспортқа жөнелтіледі.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды