Алматыда ер адам қызғаныштан танысын пышақтап кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция бөлімінің қызметкерлері оны бірнеше сағаттан кейін ұстады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көктемде Алматының Шолохов көшесінде ораналасқан базардағы бутиктердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басы салынған пакет қалдырып кеткен. Бірнеше сағаттан соң дәл сол көшеде орналасқан қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

12 күннен кейін Алматыда әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, ол 1962 жылы туған ер адам болып шықты. Полицейлер ұсталған азаматтың жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғанын, қылмысты жанжал кезінде жасағанын анықтады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі