Түркияда тағы жер сілкінді

Сурет: wikimedia
Түркияда тағы жер сілкінді. Бұл жолы Малатия провинциясында. Зардап шеккендер бар.

Түркияның оңтүстік шығысындағы Малатия провинциясында кеше жергілікті уақытпен кешкі 21.00 шамасында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан 23 адам жеңіл жараланып, бір ескі ғимарат құлаған. Жер дүмпуі көршілес Газиантеп, Диярбакыр, Кахраманмараш облыстарында да сезілген. Түркия ішкі істер министрінің мәліметінше, жараланғандардың көбі қорқыныштан балконнан секіріп кеткендер, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар жаралылардың өмірлеріне еш қауіп төніп тұрмағанын, тек аяғы сынған бір баланың ғана ауруханаға жатқызылғанын айтып отыр. Қазір жер сілкінген Малатияға көршілес облыстардан да құтқарушылар мен дәрігерлер жіберілді. Жалпы Түркияның оңтүсітк шығысында 6 ай бұрын болған жойқын жер сілкінісінен кейін бұл аймақта әлсін әлсін жер дүмпулері болып тұрады. Олардың көбі 4-5 балл шамасында.

Мамандар үлкен зілзаладан кейін мұндай тербелістердің болуы заңдылық екенін, яғни үрейленуге еш негіз жоқ екенін айтып отыр. Дегенмен кеше болған жер дүмпуінен қорыққан Малатия тұрғындарының көпшілігі түнді далада өткізген. Оларға жылы киім мен ыстық тамақ таратылды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр