Алматы облысының тұрғындары ереуілге шықты

Сурет: Zakon.kz
Іле ауданындағы "Жомарт" бау-бақша серіктестігінің тұтынушылар кооперативінің тұрғындары саяжайдың жаңа басшылығына байланысты ереуілге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар бұл кооперативтің жаңа төрағасының жалпы жиналыссыз қалай сайланғанына аң-таң. Дәл осы себепті кешке қарай 30-ға жуық адам наразылық білдірді.

Оқиға орнына жедел түрде полиция мен әкімшілік қызметкерлері жеткен. Ұзақ келіссөздерден кейін екі жақ ымыраға келді.

"Әңгімелесу барысында 16 тамыз күні жаңадан сайланған төраға фактісі бойынша тұрғындармен кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болмағанын атап өтеміз", - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД.

"Жомарт" саяжай массиві Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің аумағында, Алматы қаласынан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 3 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар ұзақ жылдар бойы жергілікті биліктен елді мекенге ауыл мәртебесін беруді сұрап келеді.

22 маусым күні Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының тұрғындары балаларының мектеп мәселесіне байланысты митингке шықты.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі

"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды