Алматыда бәзбіреулер тірі құмырсқа салынған сәлемдемені заңсыз өткізбек болған

Сурет: Алматы МКК
Алматы халықаралық әуежайында кеден бекеті арқылы тірі құмырсқалар салынған сәлемдемені заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді. Жәндіктер Италиядан жіберілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, Алматы МКД "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстанға тірі құмырсқаларды кіргізу әрекетін тоқтатқан. Италиядан келген қаптамада жәндіктер салынған 7 қорап мен 22 пластик ыдыс болған. Ресми түрде қорапта кондитерлік өнімдер болған деген болжам бар.

Жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне сәйкес ЕАЭО аумағына әкелудің рұқсат етілген тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген. Осылайша құмырсқаларды рұқсатсыз, заңсыз әкелмек болған.

"Осы факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, соның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізетінін еске саламыз", - деді Алматы МКД.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді