"Түтін басқан Алматы": өрттен кейінгі қаланың көрінісі

Сурет: Instagram/timur.salkov
Алматыда бүгін, 25 тамыз күні түнде құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Күрделі өрт үш сағатта сөнді. Дегенмен таңертең алматылықтар өрт иісі мен түтінге шағымдана бастады. Zakon.kz оқырманы түтін басқан шаһарды ұшақтан түсіріп үлгерді.

Ұшақтағы терезеден түтін басқан Алматы былай көрінеді:


Бұған дейін Алматының түрлі ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде от пен түтіннің өткір иісіне шағымдана бастаған.

Түнде қаланың Жетісу ауданында құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп кеткені белгілі болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 01:36-да жетіп, 4:40-та кешенді өрт сөндірілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады. Ведомство тыныс алу жолдары аурулары бар адамдар мен қарт адамдарға, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратындарға үйінен шықпауға кеңес берді. Бұл ретте қалалық ТЖД азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді. Бұл - тек өрттің қалдық салдары.


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды