СІМ Түркияда қазақстандықтардың өліміне әкелген жол апатының жай-жапсарын айтып берді

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 3 қыркүйекте Аланияда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық әйел мен оның қызы қаза тапты. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Ведомство қазақстандық дипломаттар бұл отбасының туыстарымен хабар алысып отырғанын нақтылады.

"Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 3 қыркүйекте Аланияда болған.

"Қайғылы оқиға орнында әйел (1989 жылы туған) мен оның екі жасар қызы қаза тапты. Отағасы, 1986 жылы туған ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. 2014 жылы туған ұлы ауруханада жатыр, оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп төндіп тұрған жоқ". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ отбасы Түркияда турист ретінде жүргені және бүгін, 4 қыркүйекте елге оралуы керек болғаны айтылды.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, тас жолда сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты