Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы таяу шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті. Бұл жөнінде Zakon.kz желілік басылымына ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство арнайы операция 3 қыркүйекте өткенін мәлімдеді.

"Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында адамдар тобы ұсталды, олардың қатарында Мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап "трамадол" апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспаөз қызметі

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды