Жүргізушіге дөрекі сөздер айтқан жасөспірімді соққыға жықты

Сурет: pexels
Павлодарда жүргізуші мен оның жолаушылары жасөспірімді дөрекі сөз айтқаны үшін соққыға жықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәлімдеуінше, 4 қыркүйек күні сағат 18.30-да колледж студенті Қатаев көшесімен төмен қарай жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан. Жанынан өтіп бара жатқан белгісіз көлік жасөспірімге су шашып өткен, оған ол дөрекі түрде жауап берген. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жанжал кезінде жүргізуші мен оның жолаушылары кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан.

17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

"Жүргізуші анықталды, ол 27 жастағы ер адам болып шықты. Оқиғаның қалған қатысушылары мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады