Ақтөбе облысында үш ауылды дүрліктірген өткір иістің қайдан шыққаны анықталды

Сурет: Zakon.kz
Кеңқияқ ауылының тұрғындары бастары айналып, өткір иістен жаппай құса бастаған. Жағдайы ауырлаған 8 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Темір ауданына қарасты бес ауылда кеше газ құбырына жөндеу жүргізілген. Көгілдір отынға иіс беретін одарант химиялық қоспасын жіберіп, жүйені тексерген. Бұдан соң Кеңқияқтың тұрғындарының бастары айналып, өткір иістен жаппай құса бастаған. Жағдайы ауырлағандарға жедел жәрдем шақырып, әбігерге түсіпті. Бұл маңда қара алтын мен газ шығаратын өндіріс орындары көп. Бірақ өңірдегі экология департамент өкілдері олардың ешбірінде апат болмағанын айтады. Бар гәп ауыл ішіне тартылған газ құбырында көрінеді. Ал оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды КТК.

"Бұл үйге тартылған табиғи газдан. Содан адамдарға иіс тиіп жатыр. Бұл бір өнеркәсіппен, сол маңдағы ауыл маңдағы өнеркәсіппен болған қандай да бір оқиға емес". Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Қожанов


Ал дәрігерлер көмегіне жүгінген 8 адамның қазір төртеуі үйіне босатылған.

"Төрт адам бірден амбулаторлық бақылауға жіберілген болатын, яғни үйіне. Төрт адам бізде динамикалық бақылауда, Кеңқияқ ауруханасына жатқызылған. Бүгіндері жағдайлары тұрақты". Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды