Ақмола облысында ойықжара жұқтырған 15 адам ауруханаға жеткізілді

Ақмола облысында халықтың арасында ойықжараға күдікпен: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында 15 жағдай тіркелді. Барлық науқас - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС қызметкерлері.

Адамдардың сырқаттануы жанасумен, кесумен, союға қатысумен, ауру жануарлардың еттерін кәдеге жарату орнына тасымалдаумен байланысты. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық науқастар "ойықжара" диагнозымен Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының АОА инфекциялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оның 15-інде ойықжара диагнозы расталған (10 зертханалық , 5 клиникалық расталған).

"Жағдайы орташа ауырлықтағы науқастар тиісті ем алады. Медициналық бақылауда жүрген 35 байланыста болған адам анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша 21 ет сынамасының 16-сында ойықжараның ДНҚ-сы анықталды. Барлық тексерілген ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеу арқылы жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыс істеліп жатыр. Ойықжара ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасады. Жағдай бақылауда.

Халық үшін ойықжараның профилактикасы туралы жадынама әзірленді.

"Адамдардың инфекциясы негізінен ауру жануарлармен байланыста, өте сирек – ластанған топырақпен байланыста болады. Адамнан адамға ойықжара ауруы берілмейді. Инфекцияның негізгі көзі ауру ауылшаруашылығы жануарлары (ірі қара, жылқы, қой, ешкі). Ойықжараның қоздырғышы адам ағзасына, негізінен, зақымдалған тері арқылы, ішінара – тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Инкубациялық кезең (инфекция сәтінен бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2-ден 14 күнге дейін", - деп ескертті дәрігерлер.

Профилактика шаралары:

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: