Қазақстандық блогерлер FIFA бойынша алғашқы жазғы чемпионатта бақ сынасты

Жаздың соңғы күндерінде FIFA — PM DODA: Summer Championship бойынша алғашқы киберспорт чемпионаты өтті. Қатысушылар арасында қазақстандық блогерлерді, танымал адамдарды және медиа тұлғаларды байқауға болады.

Турнир қалай өтті, жүлделі орындарға кім ие болды және біздің танымал тұлғаларымыз қандай командалар үшін ойнады, осының барлығын материалымыздан оқыңыз.

Parimatch-тың PM DODA: Summer Championship дебюттік турнирі шағын, бірақ әсерлі құрамды жинады. 13 ойыншының құрамында шоу-бизнестің танымал тұлғалары, спорт комментаторлары, блогерлер және stand-up комиктері болды.

Сурет: Parimatch

Футбол дәстүрі бойынша қатысушылар жеребе тастап, екі топқа бөлінді, содан кейін кездейсоқ өз командаларын таңдады. Өткен маусымда танымал болған "Арсенал" "The kitchen songs" әншісі Азамат Сыздықовқа бұйырды. Ол "зеңбірекшілер" үшін чемпиондық атақ алып бере алмаса да, әнші өз ойынына риза болды:

"Бұл көңілді болды және қарсыластарымыз да айтарлықтай мықты болып шықты. Келесі турнирлерді асыға күтемін. Hala Madrid!".

Сурет: Parimatch

"РБ Лейпциг" де соңына жете алмады. Алайда команданы басқарған кинорежиссер және комментатор Нұржан Еркінұлы реванш алуды жоспарлап отыр:

"Жартылай финалға шықпағаным өкінішті, бірақ бұл керемет болды. Parimatch-қа ұйымдастырғаны үшін жеке рақмет айтқым келеді. Мұндай турнирлер жиі өтеді деп үміттенемін. FC 24 шыққан кезге дейін жүздескенше!".

Чемпион атағына кім ие болды? Керемет кибер футбол шайқасының толық бейнесін тамашалап, Parimatch-пен бірге жарқын эмоцияларға бөленіңіз:


Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: