Алматыда TikTok-та құмар ойындар ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды. Заңсыз ойын бизнесінен түскен кіріс 19 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің 8 қыркүйек күні хабарлауынша, бұған дейін Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату қызметінің жолын кескен. Тергеу барысында азаматтардың төрт ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табуға мүмкіндік берген стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді. Ол екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған.

"Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік әлеуметтік желілерде құмар ойындарды ұйымдастыру заңсыз екенін және ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының нормаларына қайшы келетінін ескертті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті