Алматы полициясы Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеген адамдарды іздестіріп жатыр

Сурет: Facebook/bbazarbek
Алматы полициясы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі бесік арбаны өртеп жіберуге қатысы бар адамдарды анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі нәресте арбасын өртеп жіберуге қатысы барларды анықтап жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары мәжілісменнің Алматыдағы пәтерінің алдында тұрған арбаның өртенгені жөніндегі ақпартты растады.

"Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Қазір оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл дерек тіркелді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде өртенген арбаның суретін жариялап, мұны белгісіз біреулердің қоқан-лоқысы деп есептейтінін жазған еді.

"Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіріп отырғандай сезінесің! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік",  – деп жазды депутат. 
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін