Таиландта адам ұрлап, азаптады деген күдікпен Шешенстаннан шыққан аралас жекпе-жек шебері ұсталды

Сурет: Instagram/khusein_askhabov
Шешенстаннан шыққан UFC шебері Хусейн Асхабов пен оның егіз інісі Пхукетте (Таиланд) ұсталды. Олар италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонады деген күдікке ілінген. Күдіктілердің арасында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, 3 қыркүйекте бірнеше ер адам кәсіпкердің вилласына басып кіріп, оны түнімен азаптаған, деп жазды Baza Telegram арнасы.

Полицияның мәліметінше, қаскөйлер кәсіпкерді әбден азаптаған, тіпті үтік қолданған. Олар үйден 40 мың еуро қаражат, бірнеше қымбат сағат пен техника және кәсіпкердің төлқұжатын ұрлап кеткен.

Жалпы шығын 300 мың еуродан асқан.

Тайландтық тергеушілердің мәліметінше, қылмыскерлер арасында ағайынды Асхабовтар мен Қазақстанның бірнеше азаматы болған. Күдіктілер ұсталды. Олардың сыбайластары, алдын ала мәлімет бойынша, жасырынып үлгерген.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек